http://s017.radikal.ru/i419/1112/8b/252edef6b39c.jpg
http://www.on.kz/userdata/17078/avatars/full/8c7057cbb71c9e6f7e6734513d6e2140.jpg
"ШоХан" - еліміздің солтүстік аймақтарындағы қазақ рэпінің қалаушысы мен дамытушы ақыны.
Шохан Әбішев 1987 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өмірге келген. Бірақ,
ШоХан екі жасынан бастап Шымкентте өсті. Жас кезінен ақындардың таппақтары мен
өлеңдерін жатқа біліп, сақнаға шығатын. Актерлік таланты да Орта мектептің сақналалрында
біліне басталған еді. 2001 жылдан бастап ШоХан Астана қаласына көшіп келіп брейк биімен айналысты.
Кейіннен брейк биі рэпке айналып, ШоХан қазақша рэп айтуға бет бұрды. 2004-2005 жж. ШоХан
Аль-Тамир есімді досымен бірге ең алғашқы Қазақтар алға, Нег-нег-негірлерім сияқты рэп-трэктерін шығарды.
2007 жылы Шохан мен Абдула бірігіп, бірінші бейнеклип түсірді. Туындының аты "Астана Жастары" деп аталады.
2008 жылы 8 тамызда ШоХан, еліміздің ең белсеңді "YOUrist CENtre Productions" Хип-Хоп ұйымын іске қосты.
"YOUrist CENtre Productions" - талантты жастардан құралған хип-хоп ұйым. "YOUrist CENtre Productions"
басты мақсаты - ол рэп өнерін, еліміздің белсенді жастарын біріктіріп, елдің мәдениет жағынан даму жолындағы
құралдарының біріне айналдыру.
2009 жылы ШоХан Бішкек қаласында өткізілген "Connection Pro" фестивалінің
қонағы болды. 2010 жылдың басында ШоХан "Қазіргі Заман" атты альбомын жарыққа шығарады.
Кейіннен продакшн мүшелері:
Drive, Pavel, D.K. Ахмет, Динара және ШоХан "Номад" тобының MAD_D есімді рэп орындаушысымен бірігіп,
"Менің үйім Қазақстан" атты рэп туындыға да бейнеклип түсірді. Туындының мағынасы жастардың патриоттық
сезімдерін оятып, елге деген сүйіспеншілігін арттыру жайында.
Биылғы жаздың соңында ШоХан Ерболат Құдайбергеновпен бірге жазған "Астанам" атты жаңа рэп-трэктеріне түсірген бейнеклипті
халыққа ұсынды. Сонымен қатар келешекте ШоХанның Жылдам тайм атты альбомы жарыққа шығуы тиіс.
Сүйікті сөздері: Бөлінгенді бөріде жемейді!