http://www.ashkzpro.kz/images/ashsuper.png
SarMakhaM -Лейблдің ең маңызды мүшесі және жүрегі, директор, дарынды клипмэйкер, көптеген беделді халықаралық және республикалық кинофестивальдардың лауреаты, сонымен қатар кейде МС рөлін атқарады. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі.
http://www.ashkzpro.kz/images/sarmakham.jpg
Мой Мир:cілтемесі
Вконтакте:сілтемесі
ШYNGYS - Қазақстан Хип-Хопындағы ең беделді тұлғаларының бірі, рэпер, продюсер. Өзінің бесаспаптығымен, яғни универсалдығымен ерекшеленеді. Тұңғыш ресми қазақ тілді хип-хоп альбомын шығарған. [Қазақ Рэпінің Ханы, 2008] Қазақ рэпін жалпыхалықтық өнерге айналдырған тұлға. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі.
http://www.ashkzpro.kz/images/shyn21.jpg
Мой Мир:сілтемесі
Вконтакте: сілтеме
Ali NayMan – Нағыз R’n’B-ді қазақша орындайтын жалғыз орындаушы. Сонымен қатар break dance, hip-hop бағытында кәсіби билейтін биші. Көптеген би және ән айту байқауларының жүлдегері. Тұңғыш ресми қазақ тілді R’n’B бағытындағы альбом шығарған тұлға. [Қауіпті махаббат, 2010 жыл]
http://www.ashkzpro.kz/images/alinayman.jpg
Мой Мир:сілтеме
Вконтакте: сілтеме
Damon – Рэппен 8 жыл шамасында айналысып келеді. Рэпті қазақша да орысша да еркін оқиды. Стилі – шулы және сесті. Қазақстандағы ең мықты МС-лердің бірі. ASH ҚаZаҚ Pro құрамына 2008 жылдың наурызында кірді.
http://www.ashkzpro.kz/images/damon.jpg
Smitty [G-Force] – Өте дарынды МС. ІІІ Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлында екінші орын алып, ерекше көзге түсіп лейбл құрамына кіруге шақырту алып, 2009 жылдың тамыз айында лейбл артисті болады. Өзінің ерекше МСлік шеберлігінің арқасында тыңдарманның ыстық ықыласына ие. «G-Force» тобының мүшесі.
http://www.ashkzpro.kz/images/smitty1.jpg
Мой Мир: сілтеме
Вконтакте: сілтеме
http://www.ashkzpro.kz/images/reega1.jpg
ReeGa [G-Force] - төрт тілде рэп орындайды, яғни қазақ, ұйғыр, орыс және ағылшын тілдерінде. Бірақ негізгі орындау тілі – қазақша. Қазақ болмай тұрып қазақ рэпін белсенді түрде дәріптегені үшін тыңдарманның ықыласы мен құрметіне ие. ІІІ Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлына қаьысып, өзінің ерекше дауыс ырғағымен, флоуымен көзге түсіп лейбл құрамына кіруге шақырту алып, 2009 жылдың қыркүйек айында лейбл артисті болады. «G-Force» тобының мүшесі.
Мой Мир:  сілтеме
Вконтакте:  сілтеме
MAXIMUM - Қазақ рэпіндегі ең батыл, әрі жалғыз нағыз баттл-рэпер. Өзінің ерекше батылдығымен ерекше МС, яғни қоғамдағы қалыптасқан түсініктерге қарсы тұлға. Көптеген тыңдарман-арулардың қолжетпес арманы. Лейбл құрамына 2009 жылдың қазан айында кірді.
http://www.ashkzpro.kz/images/max.jpg
Мой Мир:сілтеме
Вконтакте:сілтеме
TruMan a.k.a GanjaMan - IV Ресми Қазақ Хип-Хоп баттлда ерекше потенциалы байқалғандықтан лейбл құрамына кіруге шақырту алады. Лейбл құрамына 2010 жылдың ақпан айында кіреді. Өзінің қайталанбас оқу мәнерімен, дауыс ырғағымен ерекше және мәнді әрі ауыр сөздерді жеңіл сөздермен жеткізетін құдыреті бар МС. Қазақ рэпіндегі «Ganja Rap» стилінің негізін қалаушы. «Most Def Alliance» жобасының мүшесі.
http://www.ashkzpro.kz/images/truman1.jpg
Мой Мир: сілтеме
RipAsco - Лейбл құрамына 2010 жылдың шілде айында кірді. Рэпті қазақ және орыс тілдерінде жасай алады, алайда шығармашылықта негізгі орындау тілі – қазақша. Қазақ рэпіндегі дара стильдің иесі, яғни дабл-раймер және дабл-таймер.  «Most Def Alliance» жобасының мүшесі.
http://www.ashkzpro.kz/images/ripas2.jpg
Мой Мир: сілтеме
Вконтакте: сілтеме
SUNQAR Сармат – Лейбл құрамына 2010 жылдың желтоқсан айында кірді. 2002-2007 жылдар аралығында ақындар айтысының биіктерінде көрінген жігіт. Ақындық өнерінің тарланы. Аты әйгілі Есенқұл Жақыпбековтың шәкірті, Жамбыл аудандық өнер мектебінің түлегі. «Сармат» тобының мүшесі болған. 2011 жылдың мамыр айында «Сармат» тобының екінші мүшесі ATILLA дінге бас қойып музыка саласынан біржола кетеді. Сөйтіп лейбл әкімшілігі топқа жаңа мүше іздемей Сұңқарды «SUNQAR Сармат» атты жеке артист ретінде қалдырып, ТОП-артисттер қатарына енгізді.
http://www.ashkzpro.kz/images/sunkar.jpg
Мой Мир: сілтеме
Вконтакте: сілтеме
JAN aka J-NICE - «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі уақытта рэптен біраз алыстап қалсада лейблдің маңызды мүшесі
http://www.ashkzpro.kz/images/jan.jpg